Қарабалық жерінің ақындары

Тамара Владимировна  Мируть

Тамара Владимировна Мируть 1943 жылы 12 қаңтарда Қостанай бидай совхозының 2 бөлімшесінде қазіргі Сарыкөл ауылында дүниеге келген.

Тамара Владимировна Қостанай педагогикалық мектепте, кейін музыкалық училищеде оқуды Воркута қаласында бітірді. 70-нші жылдарда сегіз жылдық мектепте ән және музыка пәнінен сабақ берді. Ал алғашында Комсомолец к.  қазіргі  Қарабалықта өнер мектебіне ашылғанда  фортепиано класы бойынша балаларға сабақ беруге ауысты. Ерекше дарынды Тамара Владимировна кез келген музыкалық аспапта ойнай алады, хормен өлең айтуды ұнатады.

Қарабалықтың мәдени өмірінде оның шығармашылық үлесі жоғары  бағаланады - Тамара Владимировна өнердің нағыз серіктестер мен энтузиасттардың бірі болып табылады.  

 

 

 

Убей-Волк Инна Куприяновна

Убей-Волк Инна Куприяновнаның туған жері -  Өзбекстан. Жүрек қалауымен тың жерлерін игеруге келген. Оның тағдыры мәңгілікке Қарабалық жерімен байланысты. Осында өз бақытын тауып, отбасын құрды, балаларды өсірді.  

Өз өмірінің басым бөлігін медицина саласына арнаған. Инна Куприяновнадан көмек сұрағандардың бәрі де оның ерекше ықыласы мен қамқорлығына, жылы алақаны, ақ жүрегі, жылы шырайлылығы үшін шексіз алғыстарын білдіреді. Зейнеткерлікке шыққанда Инна Куприяновна бос уақытында мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы өлең жазады, бұл тамаша өлең жолдарында оның жаны.

 

 

 

 

 

Сания Кабулова

Даңқты ақынның есімі Қарабалық ауданында ғана емес бүкіл республикаға әйгілі болды. Қарабалық ауданында 1950 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Қостанайда педагогикалық училищеде оқуды бітіргеннен кейін ауылдық мектепте, кейін Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашы ретінде көп жылдар қызмет етті. 2004 жылы Қарабалыққа көшіп музыкалық мектепте кітапханашы болды. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шықса да тыным таппай Аудандық  ардагерлер ұйымында қызметте.

Оның ақындық дарыны ерекше – өзі жазған тамаша өлеңдерге музыка шығарады. Сания Кабулова – ерекше өнері бар ақын.

Бүгінгі таңда ақынның бірнеше өлеңдер топтамасы мен әндері бар.

 

 

 

 

 

Нина Федоровна Чепрасова

Нина Федоровна Чепрасованың есімі біздің оқырмандарымызға таныс. Өткен жылдары оның өлеңдері аудандық газеттің беттерінде жиі жарияланып жүрді. Нина Федоровна тамаша табиғаты бар Солтүстік Кавказда 1953 жылы дүниеге келген, кейін қоныс аударған Қазақстан оның екінші үйі болып Отанына айналды. Ең бірінші өлеңін 15 жасында жазған. Поэзиядан басқа проза мен драматургияға да қызығушылығы туды. Оның шығармаларына түрлі жасқа арналған спектакльдер қойылды. Нина Федоровнаның өлеңдері өмірді сүюге, оған құштар болуға - бақытты, жақсы өмір сүруге, өз күшіне сенуге, арманға жетуге  көмектеседі. 

 

 

 

 

Алишер Абдыханұлы  Қуанышбек

Алишер Абдыханұлы  Қуанышбектің лирикалық өлеңдері адамның жан дүниесін, толғанысын, өткен мен көргенді  бейнелейді. Алишер Абдыханұлы  Қуанышбек Алматы облысында 1997 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 2004 жылы – Өңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында № 2 ОМ бірінші сыныбына барды, 2014 жылы Шымкент қаласында № 30 мектепте оқуды аяқтады.

Облысымызға «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша келіп қазіргі уақытта ҚАТК студенті. Мерекелік бағдарламаларға белсенді қатысады: ән орындайды, домбырада  ойнайды, концерттік бағдарламаларды жүргізеді. Кәсіби – техникалық облыстық оқу орындарының арасында өткізілген «Бір халық–бір ел» атты үздік эссе байқауына қатысып Алишер 3 орынға ие болды.

2015 жылы Оралхан Бөкеев атындағы мәнерлеп  оқу байқауына қатысып 2 орынға ие болды. Ресей Федерациясының Челябинск қаласында өткен «Сабан тойға» Қарабалық ауданының шығармашылық тобымен қатысты. 

Гребенщиков  Александр Ильич

Қарапайым, сыпайы, мейірімді адам. 1943 соғыс жылы анасы балаларымен өз ата-аналарына Самарадан Веренкаға келгенде Саша үш жасқа да әлі толмаған. Ал әкесі  Гребенщиков Илья Николаевич сол жылы Денинград маңында шайқаста қаза болды. Сол уақыттан бастап Веренка ол үшін туған жеріне айналып, қымбат және ыстық болды. Қазақстан картасында бұл  ауылды табуға болмаса да, оған  арналған оттай ыстық ықыласын өлең жолдарынан тануға болады. Александр Ильич жас кезінен Ленинград қаласындағы институттың әдеби факультетінде оқығанда поэзиямен айналысқан. Бірақ уақыт өте келе таза қағазға өз ойларын, сезімдерін көшіруге ынталанды, өз махаббатымен, жан ауруымен, уайымдарымен оқырмандармен бөлісуге тырысты. Александр Гребенщиковтың  ерекше ақылға сыймайтын, сондай мистикалық қол жазуы Сергей Есениннің және Владимир Высоцкийдің қол жазбасына түсініксіз ұқсайды.  Жазуы жиі, бірақ түсінікті, әріптері де ұсақ, бір бірімен өзгешілік байланыстырылған. Екі ұлы орыс ақыны біздің жерлесімізбен тек қана ақындық емес, сонымен бірге адами тағдырымен, талантымен, жан дүниесімен бөліскендей...

Оның шығармашылығының біраз бөлігі шағын ауыл – Веренкаға, қарағай орманына және Тоғызақ өзеніне арналған. Патриотизм сезімі, жан ауруы, аңсау сезімдеріне толы, асқақ туындылар. Ол әрқашан қалған жәдігерлер мен табиғат қазынасын сақтап қалуға шақырды. Өз арманына жетпей – кітап басып шығара алмай 2005 жылы 6 сәуірде дүниеден өтті. Себебі бір – демеуші болған жоқ. Бірақ оның жақсы өлеңдері қалды және оның арманы орындалады деген де үміт бар. 

 

 

Өмірбек Оқасович Аубакиров

Өмірбек Оқасович 1950 жылы 26 қарашада Михайлов ауылдық округінің Лесное ауылында дүниеге келген. Бастауыш сынып оқушысы жасынан бастап өлең жазуға икемдігі болған. 1957 жылы        Өмірбек Лесное ауылында бастауыш мектептің бірінші сыныбына барды. 1965 жылы Михайлов сегіз жылдық мектебінде оқуды аяқтады. Мектептен кейін № 76 АКТУ-де Михайловкада оқыды және военкоматтан жүргізушілер курстарын аяқтады. 1969 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып Мурманск облысындағы Коль түбегінде әскери қызметін атқарды. Бірден бел шешіп жұмысқа кірісіп кетті. 1971 жылы әскерден келгеннен кейін механизатор болып жұмыс істеді. Осылайша оның есімі уақыт өте облысқа ғана емес, елімізге кеңінен танылды. О.О. Аубакиров тынымсыз еңбектің арқасында бірнеше мақтау қағаз бен бағалы сыйлықтарға ие болды, Кеңес одағы уақытында туристік жолдамалармен марапатталды. 23 жасында «Еңбек айбыны үшін» медалімен, ал 1987  жылы «Еңбек қызыл Ту орденімен» марапатталды. «К-700» атаулы тракторға азғана адамдар қол жеткізе алды. Алдыңғы қатарлы механизатор, комсомол көшбасшысы, ауылдық округінің әкімі - Өмірбек Оқасовичтің осындай жол кезеңдері. Оны жауапкершілік, тәртіпті жоғары қоюшылық, адамдармен арадағы жылы қарым-қатынас секілді қасиеттер әрқашан да дараланып тұратын.

 2000 жылы 6 мамырда Өмірбек Оқасович өмірден өтті. 

 

Светлана Посохова 

Светлана Посохова Қарабалық кентінде дүниеге келген. Қостанайда оқып жүргенде «Ковчег» облыстық әдебиетшілердің бірлестігінің «Крылья» әдеби студиясына үнемі қатысып жүрді. Ата-аналары Светлана деп есімін білгендей берген.  Нағызында мейірімді, жақсы адам.Өзінің мұңды немесе көңілсіз өлеңдерін оқығанда интонациясында сенімсіздік көрінбеді, тек қана аяныш, үміт әрқашан байқалды.

2009 жылы 19 мамырда Қарабалықтағы жас ақынның жүрегі мәңгі тоқтады.  

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2657]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0