Главная » 2016 » Ноябрь » 20 » «Адам еңбегімен ардақты»
16:38
«Адам еңбегімен ардақты»

18 қарашада Бөрлі ауылдық әкімдігінің акт залында ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Адам еңбегімен ардақты» атты мерекелік концерт өткізілді. Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні ең соңғы рет Бөрліде 2003 жылы мерекеленді. Бұл мерекені жаңғырту идеясын округ әкімі Жиеналин А.Н. және өндірістік учаскесінің басшысы Айбалтен Б.Т. қолдады. Әкімдіктің фойесінде ауылдық кітапханашы Г.Т. Магамбетовамен ұйымдастырылған «Адам еңбегімен ардақты» атты көрмеде ауылшаруашылығы қызметкерлері, нан өсірген адамдар туралы басылымдар, сонымен қатар «Ақ көл» ЖШС өндірістік учаскесі туралы альбом, алғашқы тың игерушілері, Бөрлі ауылының тарихы туралы, еңбек даңқы альбомдары орын алды. Осында, фойеде тоқыма себетте «жер сыйлықтары» ұсынылды: нан, сүт тағамдары және макарон өнімдері, жарма және көкөністер. Тамаша жасалған «маржанды кесте» түрінде ауыл тұрғыны  И.Токареваның жұмыстары мерекенің ерекше сәні болды. Мерекенің салтанатты бөлімінде округ әкімі Жиеналин А.Н. және және өндірістік учаскесінің басшысы Айбалтен Б.Т. барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.  Өндіріс озаттары мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. «Радуга» әйелдер вокалды клубының қатысушыларымен дайындалған концертпен мереке аяқталды. Олар нан, махаббат туралы әнлер орындады, өлең оқыды. Концертке жоғары сынып оқушылары Асанова Г., Антоненко З., Аймухамбетова А., Раева Н.,  Полшков Е. қатысты. 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 425 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0