Главная » 2018 » Декабрь » 7 » «Балалық шаққа алып баратын кітап…»
15:06
«Балалық шаққа алып баратын кітап…»

Шығармаларды терең зерттеу, өз бетінше ойлау және ойды көркем білдіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында Тоғызақ орта мектебінде                   9 сынып оқушыларына арналған "Менің атым Қожа" атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары кітапханашылар мен қазақ тілі оқытушысы болды.

Конференция тақырыбы Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі болды. Өйткені, Б. Соқпақбаев- бұл шығармаларын үлкендер мен балалардың бірнеше буын өкілдері оқыған, оқып жатқан және қайта оқитын автор.  Іс-шара басында оқушылар "Менің атым Қожа" повесінің шығу тарихымен танысты.  

Конференция барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің классигі шығармашылығына талдау жасады. Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерін бағалай білулерін көрсетті және кластер құрды, сондай-ақ көркем ойды түсіндіру қабілеттерін көрсетті.   Олар бас кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріп, әңгімеден ең қызықты үзінділерді талқылады.

 Конференция екі тілде және "Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы" атты электронды презентацияны көрсетумен өтті.  Осындай іс-шаралар балалардың қызығушылығын тудырады, өз қабілеттерін жақсы көрсетуге мүмкіндік береді және кітап пен оқудағы жақсы жарнама болып табылады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 258 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0