Главная » 2019 » Февраль » 5 » «Барлық жұмыстар жақсы…»
11:32
«Барлық жұмыстар жақсы…»

1 ақпан күні Есенкөл ауылдық кітапханасында 2 және 4 сынып оқушылары саяхатқа келді. Кітапханашы В. Х. Куликова балаларды кітапханамен таныстырып, өз мысалында кітапханашы мамандығына саяхат жасады. Өз жұмысының мәнін түсіндірді: мәдениетті енгізу, оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру. Балалар кітапхана қорының орналасуымен танысты, әр кітаптың белгілі бір орны бар екенін, әр оқырманның өзінің кітапханалық құжаты – формуляр екенін білді. Кітапхана бойынша экскурсия өткізді, бір мезгілде қай нәрсе қай жерде орналасқанын айтып көрсетіп берді, осы жылғы басымдықтармен таныстырды, «Бір ел – бір кітап»  атты тақырыптық сөремен таныстырды. Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың (1939 -2015) және қазақ ақыны, драматург Әбділдә Тәжібаевтың (1909-1998) өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Туған елді мекен туралы фотосуреттері мен ақпараты бар альбомдарды қызығушылықпен қарап шықты. Нелезенко Максим өз ауылын жақсы біледі және жақсы көреді,ол кітапханашының ауыл туралы әңгімесін толықтырды.

 Сонымен қатар, сынып жетекшісі И. С. Корницкаямен бірге ауыл үшін түрлі, сұранысқа ие мамандықтарды атап өтіп, олар туралы қысқаша айтып берді.  Балаларға болашақ мамандықтар туралы сұрақтар қойды: Дмитриева Ксения суретші, Кульков Алексей тракторшы болғысы келеді. Іс-шараны балалар қандай мамандықты таңдайтынына, ең бастысы жұмыстың көңілден шығуына  қорытынды жасады. Сондықтан дұрыс таңдау жасау керек.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 277 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0