Главная » 2019 » Май » 3 » «Достық пен бірлік негізі = Основа дружбы и единства»
15:03
«Достық пен бірлік негізі = Основа дружбы и единства»

Қазақстан халықтарының Бірлігі мерекесі Қарабалық ОКЖ жұмысында көрініс тапты. Жүйе кітапханашылары тақырыптық сөрелер, Қазақстан халықтары туралы, біздің еліміздің аумағында бейбіт аспан астында тұратын түрлі ұлттар туралы кітап көрмелері рәсімделді. Өз әңгімелерінде кітапханашылар Қазақстанда 17 млн-нан астам адам, жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір отбасымен өмір сүретінін, бірақ бәрімізді ортақ маңызды құндылық біріктіреді: біз-Қазақстан халқы, бүгін біз мықты, гүлденген және бай мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан біздің бірлігіміздің мызғымастығына, өз елінің табысты болашағына сенімді.

Жақсы іс-шара Бозкөл а/к өтті. 8-сынып оқушылары кітапханашының басшылығымен Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетін, ұлттық костюмдерін, көркем өнерін (ән, би, өлең) дайындап, ұсынды. Кітапханашы М. Митаровтың "Дружба" өлеңін оқып, Қазақстан халқы Ассамблеясы – достық, бейбітшілік пен келісімнің символы ретінде айтып берді.  Іс-шара барысында балалар достық туралы мақал-мәтелдерді еске алды.

Есенкөл а/к мереке тарихы туралы ақпарат және ауыл тұрғындарының фотосуреттері орналастырылған "Бейбіт ел аспаны астында" атты мерекелік стенд рәсімделді. 7-8 сынып оқушыларымен "Біз әр түрліміз – Біз біргеміз" атты іс-шара өткізді. Балалар ұлттық киімде тақпақтар оқып, түрлі тілде әндер орындады. Зарина Сафронова - украин тілінде, Клейн Виолетта-Ресей туралы өлең орындап, оқыды, әр түрлі республикалардың ұлттық ойындарын еске түсірді, біздің ауылдың адамдары туралы фотосуреттері бар альбомдарды қарады.

Қособа а/к сыныбында "Қандай тамаша бұл әлем" суреттер байқауы өтті. Балалар Отан, достық туралы сурет салып, туған өлкенің табиғатын бейнеледі. Бұл іс-шара балаларды басқа ұлттардың салт-дәстүрімен және мәдениетімен таныстырды.

Надеждинка а/к "Адам дос-жарымен мықты" атты Достар тобы ұйымдастырылып, әңгіме барысында кітапханашы мереке тарихы туралы айтып берді, балалар "Сен жақсы доссың ба?" атты тестін өттті, достық туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды еске алып, үш достары туралы әңгіме және достық туралы әңгіме-дауыстап оқу ұйымдастырылды.

Новотроицк ауылдық кітапханасында "Қазақстанның бейбіт аспаны астында, біз тату отбасымыз" атты іс-шара өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары: М. Антипова, Г. Шаяхметова, Р. Тоқсаитова, З. Абдулина, Ш. Искакова, С. Алиева, А. Абдулина, А. Жұмабаева қатысты..

Кітапханашы әңгіме барысында Новотроицк ауылында қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар және бір грузин тұратынын айтты. Сонымен қатар, барлығы бір отбасымен тату тұрады, бір кездері ауылдың негізін үш орыс отбасы салды. Егер көршіміз көршімен бірге бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсе, онда барлық мемлекетте бейбітшілік болады. Содан кейін "Достық үйі", "Мейірімді сөздер" ойындары өткізілді. "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында блиц-турнир өткізілді, мұнда Қазақстанның көрнекті жерлеріне, табиғатқа, рәміздерге, салт-дәстүрлерге және  т. б. қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, "Бірлік күні" стенді ресімделді, оның аясында іс-шараға қатысушылардың фотосессиясы өтті. Осы жағдайды пайдалана отырып, Амина Кушербаевна біздің жерлесіміз Ырыскелді Жақсыбековтың кітаптарымен таныстырып, алдағы президент сайлауы бойынша сөремен таныстырды.

Бөрлі ауылдық кітапханасында "Достық дастарқаны" атты достардың кездесуі өтті. Оған "Радуга" клубының әйелдері және кітапхана оқырмандары қатысты: Л. П. Калименева, Г. Хусаинова, А. А. Полшкова, О Хакимова, И. Токарева және т.б. Қатысушылар өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, ұлттық костюмдерде ұлттық әндер орындады.

Осы іс-шаралардың барлығы толеранттылық сезімін, біздің елімізде ортақ шаңырақ астында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды тәрбиелейді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 276 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2697]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0