Главная » 2017 » Январь » 9 » «Көңілді аққала» шеберлік сабағы
16:34
«Көңілді аққала» шеберлік сабағы

6 қаңтарда Аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары «Көңілді аққала» атты іс-шара өткізді. Қыс мезгілінің және Жаңа жылдың ең танымал символы кім екен? Әрине, бұл Аяз ата мен Ақшақар деп барлығы жауап береді. Ал Аудандық балалар кітапханасының оқырмандары бұл Аққала деп шешті! Сондықтан 6 қаңтарда қысқы ертегілер мен түрлі қызықты оқиғалардың кейіпкерін жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Аққаланы қардан жасайтынын білеміз, бірақ олар тез еріп кетеді. Сондықтан біздің оқырмандар – кішкентай шеберлер Аққаланы қағаздан жасауға кірісті, бірақ ақ қағаздан емес, түрлі түсті қағаздан. Одан басқа қарындаштарды, бояуды және фантазияны пайдалануға тырысты. Соның нәтижесінде өте қызықты, көркем «Аққала мырзалар мен ханымдар» жасалды. Осындай жұмыспен біздің кітапханамыз жаңа жылғы әшекейлерімен өз қорын толықтырды. Іс-шараға 6 оқырман қатысты.  

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 502 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0