Главная » 2017 » Январь » 20 » Кездесу
12:12
Кездесу

 Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды. 13 қаңтар күні ардагерлер кеңесі мен орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен ұйымдастырған  Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды жылдарындағы ерлік істері, соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Ол шежіре біз арқылы келер ұрпақтың жадына сіңірілетін болса баға жетпес игілік. Сондықтан бүгінгі біздің кездесуіміздің мәні зор деп ойлаймын. Біздің іс-шарамызға көптеген кұрметті және ауданға танымал қарттар келіп, естерінде сонау қиын күндерімен бөлісіп, соғыс әкелген зардаптарын, тәуелсіздікке қол жеткізуге қалай қиын болғанын айтып кеткен.  Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді. Олар маңдайдан тер, көзден жас ақса да, өз жұмыстарына бекем болды, күн-түн демей еңбек етті. Шаңырағын шайқалтпай, жағылған ошақ отын сөндірмей, балаларына қамқор бола білді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағы ол Жеңісті ұмытпай, есте сақтап, өзінің ұрпақтарына мақтанышпен жеткізсін. Ардагерлеріміздің денсаулықтары мықты, ғұмыр жастары ұзақ болсын!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 334 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0