Главная » 2017 » Март » 31 » Кітап патшалығы
17:52
Кітап патшалығы

2017жылы 29 науырызда Есенкөл ауылдық кітапханасында кітапханашы Кириленко В.Н мектеп кітапханашысы Куликов В.Х пен бірлесе отырып балалар кітабы мерекесін өткізді. Жыл сайын көктемде біздің жас оқырмандарға келетін  "балалар кітап Апталығы" мерекесі өтті. Пайда болу тарихы мынадай: 1943 жылы Лев Кассиль балалар  кітабының ақын-жазушылары мен бірге балалар кітабының ең бірінші мерекесіне қатысты. Келесі жылы балалар кітабының апталығы мерекесі қайталанды, содан бері жыл сайын көктемгі демалыс кезінде өткізу дәстүрге айналған. Бұл күні кітапханада балалар кітабы туралы өлендер,ертегі әндері орындалды, ал балалар кандай ертегі кейіпкері екенін тапты. Содан кейін әр түрлі тапсырмалар орындады, ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті. Онда тағы қара жәшік болды.Ол жәшіктен  балалар кезек-кезек  заттарды алып шығып , заттың қай ертегіден екенін тауып  мақал-мәтелдер құрады. Одан кейін "Иә - Жоқ" ойынын ойнап ойын түрінде  тақпақтар оқыды, " Кітап достарын шеңберге жинайды " (әннің мәтіні  "если с другом вышел в путь") әнін орындады , мереке шай ішумен аяқталды. Мереке көңілді өтті.Балалар өздеріне көптеген жаңа  қызықты мәліметтер алды және жақсы көңіл-күймен кетті. Іс-шараның мақсаты: балаларды кітап оқуға  ынталандыру, ой-өрісін кеңейту, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке баулу.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 577 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0