Главная » 2017 » Декабрь » 15 » «Латын әліпбиі - уақыт талабы»
13:19
«Латын әліпбиі - уақыт талабы»

Латын әліпбиі әлемге  кең тараған. Бұл бүгінгі күні объективті шындық, сондықтан қазіргі заманғы әлем латын әліпбиінің әлемі болып табылады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-ші сессиясында қазақ әліпбінің латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтерді. Биыл Президент 2025 жылдан бастап әліпбиді латын әліпбиіне аударуды тапсырды.

Кітапхана ақпарат орталығы ретінде оқырмандарға қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын түсіндіруге бағыттады.

Кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы ««Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»» ақпараттық буклеттерін тарату акциясын ұйымдастырды.

Буклеттерді тарату барысында  кітапханашылар оқырмандарға  латын әліпбиі туралы не білетіндерін, латын әліпбиіне өту арқылы Қазақстанға қандай мүмкіндіктер ашады және т.б. сұрақтар қойды.

Жунусова Улту  (оқырман): «Түркия да латын әліпбиіне көшті, дегенмен ол өз тілін жоғалтқан жоқ,  латын әліпбиіне жақындайық , прогреске жақындайық, гүлденейік»

Б.К. Мендибаева (Кітапханашы): «Дамыған елдер латын әліпбиін пайдаланады және біз латын әліпбиін  қолданып, оқып, жаза аламыз. Бұл уақыттың заманауи талабы».

В.П. Тишакова (зейнеткер): «Біздің тарихымызда латын әліпбиі  қолданылған, біздің аталарымыз және әжелеріміз латын тілінде жазған және оқыған. Менің ойымша, балалар да жаңа әліпбиді  үйреніп, оңай пайдалана алады ».

Прилипченко Л.И. (Әдіскер): «Бүкіл әлем латын графикасын пайдаланады. Халықаралық деңгейге шығу үшін латын әліпбиі - ең қолайлы әліпби. Менің ойымша, жастар мен ересектерде қиындық тудырмайды.

Сауалнамада, тұрғындардың көпшілігі қазақ тілінің дамуында  алдағы жылдары  өзгерістердің орын алатындығын құлақтандырылған екендігі байқалды.

Жас ұрпақ (оқушылар, студенттер) тілдің жаңа форматын игеруде қиындықтарды көрмейді, одан да ересек жастағы адамдар латын әліпбиіне көшуді өздігінен дамытуға мүмкіндік ретінде қарастырады және уақыт талабы деп санайды. 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 408 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0