Главная » 2017 » Октябрь » 25 » «Өлеңнің таңғалдырар күші»
15:44
«Өлеңнің таңғалдырар күші»

Өте жылы атмосферада, 19-шы ғасырдың шығармашылық қонақ үйі ретінде стильдендірілген жайлы оқу залында орталық аудандық  кітапхананың қызметкерлері қонақтарды қабыл алды. 24 қазан күні «Туған -жер» ,  «Рухани қазына» кіші бағдарламасын  жүзеге асыру аясында Қарабалық ауданының ақындарымен әдеби-ақындық кездесу өтті. Аудан газетінде жарияланған хабарландырудан және кітапханаға келгендерге  жеке шақырудан кейін,шағын оқу залы поэзияның барлық әуесқойларымен толды. Олардың қатарында аудандық ардагерлер кеңес мүшелері, «Вдохновение» клубы ,  мұрағат қызметкерлері, шығармашылық үйі мен поэзияны сүйетіндеріне бей-жай қарамайтындар болды. Галина Басова, Сания Кабулова, Тамар Мируть. Юлия Страшникова, Сергей Прачёва, Светлана  Посохова  және тағы басқалар ұсынуға мұқтаж емес, олар біздің ауданымызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде кеңінен танымал. Бұл талантты адамдар туралы әңгімелесуші - Оқу залының кітапханашысы Меңдібаева Б.К., іс -шараның қонақтары және кітапхана қызметкерлері Тамара Мируть, Сания Кабулова, Елена Кооптың авторлық поэзияны орындалуын тындады. Ата-аналарының өлеңдерін Геннадий мен Нина Чепрасовтерді қызы Оксана Безрукова оқыды. Нина Сахноның шын жүректен айтқан өлеңдері қонақтарды таң қалдырды. Балтабекова Жансая Наука ауылының жас ақыны өзінің өлеңдерімен барлығын риза қылды. Біздің ақындарымыздың өлеңдері жазылу бөлімінің кітапханашысы Татьяна Хилайдың әдемі көрсетілімінде айтылды. Тарас Шевченконың орындауындағы гитарадағы аспаптық лирикалық нөмірлері кездесудің  көркін келтірді. Өлеңдер жинағы, кітапханада бар кітапшалар, ақындар мен қонақтардың өмірі туралы ақпараттармен  библиограф Д.Е. Аманжолова таныстырды. Тамара Мируть«Продолжение начала» атты жаңа өлеңдер жинағын кітапханаға сыйға тартты. Өнерлі  жерлестерімізбен  өткізген уақыт білімбей өтіп кетті. «Встаёт рассвет, проснулись люди, Сегодня день хороший будет, Кому-то снится Ереван, кому-то Ницца, А мне – родной Карабалык, моя столица» деген  Геннадий Чепрасовтың өлеңімен кездесуі аяқталды. Кездесуге қатысқандар қатысушыларға алғыс сөздері мен денсаулығы мен шығармашылық шабыттану тілектерімен тарады, ең бастысы - тамаша көңіл-күймен кетті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 368 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0