Главная » 2017 » Январь » 25 » «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»
10:48
«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»

23 қаңтарда  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай  Боскөл ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушылары үшін кітапханашы С.К. Держунинамен «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты іс-шара өткізілді. Республикамыздың елтаңбасы, туы және әнұраны туралы түсінік берілді, олардың пайда болу тарихы, Қазақстан туралы сөзжұмбақ шешілді, Отанымыз, мемлекеттік рәміздер туралы өлеңлер оқылды, викторина ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара соңында әр оқушы Өзінің туған жерін суретке салды және бәрі қосылып Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, өз халқының тарихына, мәдениетіне және мұрасына құрмет көрсетуді тәрбиелеу.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 571 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2690]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0