Главная » 2019 » Июнь » 5 » "Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтаныш"
17:44
"Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтаныш"

  Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. 1992 жылдың 4 маусымында тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елтаңбасы, туы және әнұраны бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. Мереке құрметіне және Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді және жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында Қарабалық ОКЖ кітапханаларында кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер ресімделіп, әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

         Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Сен мемлекетіміздің рәміздерін білесің бе? = Знаешь ли ты символы нашего государства?" атты ақпараттық сағат өтті. Тоғызақ орта мектебінің оқушылары қатысты (Сынып жетекшісі И. В. Полищученко). Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдағаннан кейін, кітапханашы балаларды ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Мемлекеттік Рәміздер әлеміне саяхат жасауды ұсынды. Олардың әрқайсысы туралы айта отырып, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихына және оларды қолдану тәртібіне толық тоқталды.  Іс-шарада "Тәуелсіздіктің мақтаныштары" атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның қорытынды кезеңінде балалар тудың суретін салып, түсінің және әр элементінің мәнін түсіндірді. Станционный а/к "Біздің бірлігіміздің рәміздері" атты патриоттық сағат өтті. Кітапханашы О. И. Шмидтке мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы, олардың қалыптасу жолдары және оларды жасаған авторлар туралы әңгімеледі.  Смирнов кітапханасында салтанатты іс-шара "Тәуелсіздік рәміздері" бейне презентациясымен сүйемелденді.  Мерекеде Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өлеңдер оқылды. Қатысушылар викторина сұрақтарына жауап берді.  Святослав а/к "Еркіндіктің бақытты рәміздері" атты ақпараттық сағат өткізілді. Балалар ҚР рәміздерінің қалыптасуымен танысты, авторларының кім екенін білді.  Біздің көгілдір ту Талғат Мұсабаевпен бірге ғарышта болғаны және халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшыларды марапаттау рәсімі кезінде біздің Әнұран шырқалып, көгілдір ту көтерілетіні туралы қызығушылықпен білді.  Мұның бәрі біз үшін ерекше мақтаныш болып табылады.

Михайлов а/к іс-шарада балалар сөзжұмбақ шешіп, тақырыпты анықтаудан басталды. Кітапханашы өз елінің елтаңбасы, туы мен әнұранының қандай екенін танып-білу ғана емес, сонымен қатар олардың маңызы мен мағынасын түсіну маңызды екенін айтты.  Шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 307 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0