Главная » 2017 » Март » 27 » «Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі»
15:56
«Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі»

24 наурызда Орталық аудандық кітапханасында «Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі. Тарих сағаты, салт-дәстүрлер сағаты» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мүгедектер қоғамының мүшелері шақырылды. Мерекенің пайда болу тарихы, қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы шақырылған қонақтар көп мәлімет алды. Ырымдап ат қою, бесікке салу  – қазақтың қанына сіңген дәстүрлері.Бұл тамаша дәстүрлерді кітапхана қызметкерлерімен бірге А. Құнанбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары Демиденко А. және  Некрасов В. өткізді. Қазақ халқының салт –дәстүрі бойынша дорбаны ашу рәсімі шақырылған қонақтардың арасындағы ең үлкен және құрметті кісіге – Г.В. Ядринцеваға беріледі. Ол барлық қатысушыларға кітапхана қызметкерлерімен дайындалған шағын сыйлықтарды таратты. А.М. Ержанова домбыра тартып әсем күйді сыйға тартты. Мерекелік дастарқанда  Наурыз мерекесінің міндетті және негізгі тағамы – наурыз көже және тәттілермен шай болды. Кездесудің көркі – әсем презентация болды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті және барлығының көңілінен шықты.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 354 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2691]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0