Главная » 2016 » Декабрь » 5 » Неміс мәдениетінің мұражайы
15:42
Неміс мәдениетінің мұражайы

Жас белсенділер – Научный ауылдық кітапханасының оқырмандары, «Ізбасар» клубының мүшелері Научное ауылындағы неміс мәдениетінің мұражайына экскурсияға барды. 4 қарашада Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы мен балаларды мұражай жетекшісі Хамко Т.А. қарсы алды. Татьяна Адамовнаның әңгімесінен балалар көп қызықты ақпарат алды. Алғашқы неміс қоныс аударушылар алдыңғы ғасырдың 80-нші жылдарында Поволжье және Ресейдің еуропалық бөлігінен келген шаруалар болған деп мұрағат құжаттары мәлімдейді. Олар қазіргі Қостанай облысының аумағында жер үлесін алған. Научныйда тұрып жатқан неміс халқы өз мәдениетін сақтауға және дамуына зор үлес қосады. Осындай мақсатпен мұражай ашылды. Мұражай жетекшісінің және ауыл тұрғындары қолдауы арқасында мұражай қоры жәдігерлермен үнемі толықтырылады. Татьяна Адамовна осы күнге жеткен және әлі де пайдалануға жарамды көп жәдігерлерді көрсетті. Мысалы, баспа машинасы, фотоаппарат,  ұршық. Қолмен тоқылған кілем көз тартады, өрнектеп тоқылған төненіш те бар. Ауыл тарихына ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Р.Ж. тоқталып Янцен және Браун отбасылары туралы балалар білімдерін тереңдетті. Экскурсия балалар көңілінен шықты. «Ізбасар» клубының мүшелері Татьяна Адамовнаға алғыстарын білдіріп, келесі жылы да неміс мәдениетінің мұражайына экскурсияға баруға жоспарлады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 305 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0