Главная » 2018 » Сентябрь » 17 » «Отбасы –ең басты сөз»
11:21
«Отбасы –ең басты сөз»

 Қыркүйек айының екінші жексенбісінде бүкіл Қазақстан Отбасы күнін тойлады, Қарабалық ОКЖ барлық кітапханаларында түрлі іс-шаралар өтті. Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері «Ғажайыптар алаңын» ойынын қызықты өткізді. Іс-шараның басында балалар мерекенің шығу тарихымен танысты, отбасы туралы викторинаға қатысты, содан кейін ойын өтті. Барлығы нағыз "Ғажайыптар алаңы" - барабан, екі қобдиша, жарнамалық үзіліс, әрине, жүлде секторы сияқты болды! Ойын қызықты, танымдық және тартымды өтті. "Автомобиль" суперпризін ойынның финалисті- Кристина Семерик алды.

Есенкөл ауылдық кітапханасында кітапханашылар В. Х Куликова және              В.Н. Кириленко «Отбасын  кітаптар даналығы біріктіре алады» байқаулық бағдарламасы өткізді, оған үш отбасы қатысты: Желтовтар, Корницкийлер және Спириндер. Байқауға қатысушылар сүйікті кітаптарын жарнамалап, сұрақтар қойып, жаңылтпаштар айтып берді. Желтовтар отбасы үздік болды, олар грамотамен марапатталды, ал іс-шараға қатысушыларға Кириленко отбасының жеке кітапханасынан ескерткішке кітаптар берілді.

Бозкөл а/к  8 сынып оқушыларымен байқаулық бағдарлама өткізілді. Отбасы рөлі, адамгершілік құндылықтары, ұрпақтар сабақтастығы туралы айтылды. Балалар "Менің үйім", "Ас үйдің дизайны", "Немерені тамақтандар", "Бүкіл отбасы - бақшаға", "Көркем өнерпаздық" және т. б. байқауларға қатысты.

Михайловка а/к "Сен+Мен=7Я" атты қызықты отбасылық кездесу өткізді. Әр отбасынан үш ұрпақ шақырылды. Әр ұлттың отбасылары өз халқының салт-дәстүрлері туралы айтып берді. Келесі ұрпақ ата-аналар мен балалардың қызығушылығы, Отбасы дәстүрлері, отбасылық кештердің қалай өтетіні туралы айтты. Кездесудің ең жас қатысушылары өздерінің әжелері мен ата-аналары үшін шығармашылық нөмірлер дайындады. Мерекеде ұтылғандар да, жеңгендер де болған жоқ. Әр команда үлкен және тату отбасы болды.

Қособа а/к балалар үшін "Менің отбасым" атты балалар суреттерінің байқауы және әдебиетке шолу өткізілді.

Надеждинка а/к Т. Ю. Козак "Бақыт түймедағы" атты танымдық – байқау бағдарламасын өткізді. Отбасылар әдеби викторинаға, әр түрлі конкурстарға қатысты, аналар қуыршақтарды құндақтады,  жұмбақтар шешті. Лубинец Светлана және оның қызы Анна жеңімпаздар болды. Ткаченко Алена мен қызы Лолита екінші орынға ие болды, Приходько Светлана және қызы Ульянамен  құрметті 3 орынға ие болды.

Святослав а/к кітапханашысы О. Ф. Шиманская мектеппен бірлесіп "Менің отбасым" атты фотокөрме ұйымдастырды»

Приречен а / б кітапханашысы Л. Н. Мельникова Отбасы күніне орай "Көздің жауын алатындайе" атты күзгі гүл композицияларының көрмесін ұйымдастырды, оған 17 отбасы қатысты. Іс-шараға қатысушылар гүлшоқтарын, жеміс-жидектермен ғана емес, сонымен қатар олардан жасалған заттарды  да ұсынды. Ең үздік отбасылар Т. М. Верхорубова, О. В. Матвеевская, Приречен ОМ.  Әр қатысушы қандай да бір номинацияда дипломмен марапатталды.

Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Отбасында" атты іс-шара өткізілді, онда барлығы отбасылық дәстүрлермен, жағымды әсерлермен бөлісті, суреттер сайысында тапқырлық, креативтілік танытты.

Новотроицк а/к Отбасы күніне ауыл тұрғындары шақырылды, олар өз өмірлерінен тәжірибесімен бөлісті, қандай отбасылық құндылықтарды сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру керектігі айтылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 321 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0