Главная » 2018 » Сентябрь » 10 » «Сергей Прачёв – Қарабалық жерінің ақыны»
15:32
«Сергей Прачёв – Қарабалық жерінің ақыны»

7 қыркүйек күні «Қарабалық жерінің інжу-маржандары» жобасын іске асыру шеңберінже және қалыптасқан дәстүр бойынша орталық аудандық кітапхана өзінің әдеби қонақжайында поэзия сүйер қауымды жинады. Бұл жолы біздің жерлесіміз Саха Республикасында Якутияда өмір сүріп жатқан Сергей Прачев басты кейіпкер болды. Кездесуге ақынның туыстары, достары, сыныптастары, онымен жеке таныс адамдар және оның поэзиясына жақын адамдар жиналды. Кездесудің басты ерекшелігі скайп бойынша ақынмен жан-жақты қарым-қатынас болды (бұл инновациялық технологияларды енгізу деген сөз!). Ақынның өлеңдерін оқу, ол туралы айту, оның шығармашылығымен танысу – бұл, әрине, керемет! Бірақ, оның өзінің өлеңін көру, оның орындауында өлеңдер тыңдау, оған сұрақтар қою, тіпті кейбір өмірлік жағдайларды еске алу-осының барлығы кездесуде мүмкін болды. Нина Григорьевна Сахно, Владимир Иванович Максименко, Алла Васильевна Чумакова, Галина Андреевна Байко, Александр Покой осы сәтті пайдаланып және өткенді еске ала отырып, ақынмен қуана-қуана қарым-қатынас жасады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Т. Нурмухаметова және оның оқушысы - оныншы сынып оқушысы Милена Субач презентация ұсынып, Сергей Прачевтің шығармашылығы бойынша ғылыми жұмыстар туралы айтып, олармен қуана-қуана қарым-қатынас жасады. №1 М. Горький ат. мектеп оқушыларының орындауында ақынның өлеңдері оқылды. Қонақтар арасында аудандық мұрағат, мәдениет және "Нұр Отан"партиясының қызметкерлері болды. Уақыт байқаусыз өтті, ал кетуге ешкім асықпады.. Кеш соңында осындай іс-шаралардың маңыздылығы туралы сөз қозғалды, өйткені әлі де танымал емес есімдер қалады! Біздің жерлестеріміздің Қарабалықтық жасампаз-ақындардың шығармашылығын неғұрлым көптеген адамдардың танығанын қалаймыз, ал жобаны жүзеге асырудың арқасында біздің оқырмандар осындай мүмкіндікке ие болады. Сондықтан, жаңа кездесулерге дейін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 294 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0