Главная » 2016 » Октябрь » 31 » «Шетендік бал»
15:33
«Шетендік бал»

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілуде.  Бұл оқиғаның біздің мемлекетіміздің қазіргі тарихындағы маңызы зор. Тәуелсіздік – ұлы дәулет және құндылық. 27 қазанда Орталық аудандық кітапханада шығармашылық, қабілетті, дарынды тұлғалар үшін ұйымдастырылған кездесу-кеш күз - тамаша жыл мезгілі деп растады. Мереке жүргізушілері У.Галеева и Л.Прилипченко қолдары алтын жандарды, шеберлі әйелдерді  ресімделген кітапхананың оқу залына «Шетендік балға» шақырды. Асқан шеберлігі мен қолтаңбалары сақталған жұмыстармен көрме іс-шараның ерекше көрінісі болды. Әр адамның таланты өзінше қайталанбас. Күнделікті үй жұмыстарына, шаруашылық әрекеттеріне қарамастан олар шығармашылыққа уақыт табады. Өз жұмыстары туралы әр қатысушы қызықты әңгіме жүргізді. Оксана Безрукова қолөнерсіз бір күн де өмір сүрмейді. Оның хоббиі – моншақтан ағаштар мен гүлдерді жасау. Бұл жұмыстар – нағыз эксклюзив.  Юдина Светлана – жан-жақты шебер адам деп айтамыз, өйткені өз талантымен таңғалдырады: киім тігеді, кесте тігеді, тоқиды, макраме өреді. Қарабалықтықтардың көбі Светлана Васильевнаны жақсы таниды және көмек немесе кеңес алу үшін жиі келеді. Туыстары мен жақындарына сыйлықтарды сатып алмай өз қолымен жасайды деп айтады. Тамаша жасалған заттар көңілді сүйсіндіреді және отбасы бюджетіне де нұқсан келтірмейді. Старокожева Татьяна әсем картиналар мен иконаларды кестелеп тігеді. Иесі атаулы иконаларды өзінің барлық немерелеріне сыйлады. Зенкова Альбина қазіргі күнде Шығармашылық үйінде жастарды өнерге, шеберлікке үйретеді. Оның көрікті жұмыстары оқушыларға тамаша үлгі болып табылады. Любовь Полякованың жауһарларынан көз алмай әсер алдық. Крестпен кестелеп тігілген аңдар жанды болып көрінеді. Галина Кожевина жұмыстарының ойы орындау  ғымен және ерекшелігімен таңғалдырды. Ирина Скляр мен  Марина Лемешконың қол астынан шыққан заттар барлығының көңілінен шықты. Шетен жидегінің пайдалы қасиеттері туралы көп мәлімет алынды, конкурстар өткізіліп, шетен туралы әндер орындалды. Кеш-кездесу соңында библиограф Д.Аманжулова іс-шара тақырыбына арналған кітаптармен қатысушыларды таныстырды. «Шетендік бал» бағдарламашы Е. Петровамен дайындалған әсерлі презентация арқасында жақсы өтті. Қонақтар кеш әрі көңілді, әрі қызықты өтті деп қонақтар риза болды. «Шетендік балдағы» көрмеде орын алған жұмыстар және ұсынылған кітаптармен танысу үшін әсем ресімделген шақыру парақтары кент тұрғындарына таратылды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 443 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0