Главная » 2016 » Декабрь » 12 » «Тіл – халықтың жаны»
12:40
«Тіл – халықтың жаны»

8 желтоқсанда Боскөл ауылдық кітапханасында орта буын оқушылары үшін кітапханашы С.К. Держунинамен «Тіл – халықтың жаны» атты костюмді іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ әдебиетінің мұғалімі Чентимирова А.Д.  және мектеп кітапханашысы Евтюшина Л.Г.  шақырылды. Өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Іс-шара барысында туған тіл туралы өлеңдер оқылды, балалар түрлі байқауларға қатысты - полиглот, бәйге, мақал- мәтелдер, сөз құрастыру. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 308 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2693]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0