Главная » 2018 » Октябрь » 15 » «Туған жер-2018» аймақтық өлкетану оқулары
09:28
«Туған жер-2018» аймақтық өлкетану оқулары

2018 жылғы 10 қазанда «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Туған жер-2018» аймақтық өлкетану оқулары өтті. Шақырылғандардың қатарында біздің Наука а/к кітапханашысы Р. Ж. Думалакова да болды, ол өзі үшін көп пайдалы мағлұматтар алды. Өз сөздерінде Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларының, сондай-ақ Денисов, Таран және Қарабалық аудандарының мұражайларының, кітапханаларының, білім беру, мұрағаттарының қызметкерлері ежелгі дәуірден бастап, Жоғарғы Тобылдың тарихи даму көрінісін қалпына келтіруге тырысты. Лисаков қаласы маңындағы палеонтологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы, қола дәуіріндегі ескерткіштердің палеонтологиялық құрылысының тәжірибесі туралы баяндама қызықты болды, бұрын Аят өзенінің жағасында орналасқан Куйбышев атындағы жоғалып кеткен ауыл туралы мәліметтер қызықты болды. Мұражай қызметкерлерінің Қостанай облысындағы белгілі тұлғалар Елдес Омаровтың, И. И. Дьячковтың қызметі туралы әңгімесі мазмұнды және эмоциялық болды. Біздің кітапханашымыздың сөз сөйлеуінің арқасында тыңдаушылар Наука ауылының тарихымен танысты, 1995 жылдан бастап неміс диаспорасы мұражайының негізін қалаушы Крамер Лидия Рафаиловна бірінші рет экспонаттар жинай бастағанын білді. Р. Ж. Думалакова дайындаған презентацияда ескі фотосуреттер мен мұражай жәдігерлері ұсынылды. Мұндай кездесулер өте маңызды, олар пайдалы көп нәрсе мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 238 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0