Главная » 2016 » Ноябрь » 16 » «Туған жерім – тал бесігім»
09:48
«Туған жерім – тал бесігім»

2016 жылы Қостанай облысының құрылғанына 80 жыл толады. Осыған орай Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапхана «Туған жерім – тал бесігім» тақырыбы бойынша үздік сценарийлердің өлкетану байқауын ұйымдастырды. Қарабалық ОКЖ де бұл байқауға қатысты. Біздің Қарабалық жеріміз дарынды шығармашылық адамдарға бай өңір. Шығармашылық жолда жүрген адамдардың өмірі жаңа шабытқа толы болады. Байқауға Орталық аудандық кітапханасы, Аудандық балалар кітапханасы, Научный және Михайлов ауылдық кітапханалар қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орын балалар жұмысы жөніндегі директор орынбасары Рузалия Рашитовна Феданованың жұмысына берілді. «Поэтическими тропинками Карабалыкского края» өзінің әдеби кешінің сценарийінде Рузалия Рашитовна біздің жерлестеріміз – Қарабалық жерінің дарынды ақындары мен жазушылары туралы әңгімеледі. Бұл  Мұхамеджан Сералин, Иван Павлович Щеголихин, Сергей Васильевич Прачёв, Владимир Иванович Максименко, Сания Сүлейменовна Кабулова, Алескандр Ильич Гребенщиков, Галина Владимировна Басова, Өмірбек Әубакіров, Валентина Ивановна Кудинова, Юлия Страшникова (Солодова), Светлана Посохова,  Әлия Тасмугамбетова. Рузалия Рашитовна диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жеңіспен құттықтаймыз!

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 795 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0