Главная » 2016 » Май » 6 » «Әуенді таңда»
16:53
«Әуенді таңда»

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында 2016 жылғы 5 мамырда Қарабалық аудандық кітапханасының қызметкерлері «Әуенді таңда» атты ойынды өткізді. Іс-шараға аудандық мұрағаттың, мұражайдың қызметкерлері және кітапхана оқырмандары белсенді қатысты. Халықтың моральдық қайрат жігерінде молайтып, рухын асқақтатуда соғыс әндері ерекше орын алды. Соғыстың бірінші күнінен бастап барлық күш-жігерін, іс-тәжірибесін отан қорғау ісіне жұмылдыру міндеті тұрды. Сондықтан да, әсем ән, жаралы жауынгерлердің көңіл серігіне айналды. Лирикалық толғаныс пен сезімдерге толы жан сүйсіндірер халық әндері жаралыларға шуақ әкеліп, қуанышты сәттер құшағына бөлеп, тән жаралыларының жазылуларына септігін тигізді. Қан кешкен ата-бабамыздың ерлігін әспеттеп, тағзым ету, адамгершілікке, Отанын сүюге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, ардагерлерді  қадірлеуге тәрбиелеу  мақсатында кітапханада осы ұлы күнге арналып іс-шара өткізілді. Ойынға 3 топ қатысты және ойын төрт турдан тұрды. Бір минут ішінде 7 әуен тауып финалға шыққан «Играй гармонь» тобы жеңіске жетті.


 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 403 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2669]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0