Главная » 2016 » Октябрь » 7 » «Әжелер сайысы»
11:31
«Әжелер сайысы»

Жыл сайын алтын күз уақытында біз өз білімдерін, күштерін халқына, денсаулығы мен жастық шағын жастарға арнаған қарттарды құттықтаймыз.  Елімізде Халықаралық ұрпақтар сабақтастығы және қарттар күні ретінде атап өтіледі. Бұл біз үшін аса қымбат адамдар. Олардың еліміздің дамуына қосқан үлесіне алғыс білдіреміз. Осындай мереке Новотроицк ауылдық кітапханасында да 2016 жылғы 3 қазанда кітапханашы Амина Кушербаевна Жакуповамен  сайыс түрінде «Әжелер сайысы» өткізілді.

Кім жылы қолғап тоқиды?

Кім көмектеседі?

Кім бәрінен де ерте тұрады?

Кім құймақ пісіреді?

Бұл біздің әжелер.

Біздің іс-шара әжелер туралы. Қатысушылар екі топқа бөлінді. Әжелерге келесі тапсырмалар берілді: бірнеше бөліктен тұратын қазақ мақалдарды құрастыру, жұмбақтарды шешу, жасына қарай немерелерді айту. Келесі тапсырма қолөнермен байланысты болды. Конкурс қатысушылары құрақтардан көрпеше тігіп, қандай тамаша нәрселерді осындай әдіспен жасауға болады. Сайыс соңында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін атады, қалай олар өткізілетіні туралы, дәстүрлерді құрметтеу, қадірлей білу туралы әңгіме жүргізілді.

Біздің әжелеріміз өз өмірлерін еңбек етуге, бала тәрбиесіне арнады және осындай мерекелердің өткізілгені олар үшін маңызды.  

 

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 512 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2696]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0