Халықаралық әйелдер күні 8 Наурыз мерекесі қарсаңында 2016 жылғы 4 наурызда Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы мектеп кітапханашысы Т.В. Теницкаямен бірлесіп бастауыш және орта буын оқушылары арасында «Ана – қасиетті де киелі есім!» мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Асанова М., Тулькубаев С., Токарев Г. және Газизив А. деген оқушылар байқауға белсенді қатысты. Олар Р. Гамзатовтың «Мама», Брюсовтың «Ты женщина», Есениннің «Письмо матери», Вознесенскийдің, Мақатаевтың, Рубцовтың және т.б ақындардың өлеңдерін оқыды. Іс-шараға 30 адам қатысты. Іс-шараны дайындау барысында 20 кітап пайдаланылды, соның ішінде 6 кітап үйге жазылды. Барлық іс-шара қатысушылары грамоталармен марапатталды. |