Қыркүйек айының соңында Қарабалық ОКЖ кітапханашылары дәстүрлі түрде Еңбек күнін атап өтті. БӨМ ғимаратында өткен салтанатты жиыннан кейін барлық ауылдық кітапханашылар аудандық балалар кітапханасына шақырылды, онда кезекті семинар өтті. Қарабалық ОКЖ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспары аясында, сондай – ақ кәсіби құзыретті кітапханашыларды анықтау және олардың шығармашылығын ынталандыру, ОКЖ әдіскерлерінің кітапхана мамандығының беделін көтеру мақсатында мамыр айында ауылдық кітапханашыларға арналған "Астана-менің елордам!" атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Енді қорытынды жасау сәті келді. Кітапханашылар байқауға бейне презентациялар, өткізілген іс-шаралардың сценарийлері мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған кітап көрмелерін ұсынды. 9 үздік жұмыс атап өтілді, кітапханашылар жүйе қызметкерлерінен грамоталар мен құттықтаулар алды. |