Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылғы 18 шілдеде Орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері «Бақытты балалық шақ» конкурстық ойын бағдарламасымен «Достық» балалар лагеріне барды. Бағдарламаға орта буын оқушылары қатысты. Балаларға екі станция ұсынылды: Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған викторина және ұтылыссыз лотерея. Өткізілген конкурстардың шарты: викторинаның сұрақтарына дұрыс жауап беру, кейін лотереяға қатысу. Балалар белсенді сұрақтарға жауап берді, сыйлықсыз ешкім қалған жоқ. Бағдарламаның мақсаты: Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беру, білімдерін кеңейту.
|