Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауыл тұрғыны Моисеенко Нина Андреевнамен «Бақытты отбасы» тақыбында сұхбат өткізді. Нина Андреевна өзінің үлкен және тату отбасы туралы айтып берді, бақытты отбасы туралы өз ойымен бөлісті. "Бақытты отбасы-бұл махаббат пен өзара түсіністік орнаған отбасы". Кездесу соңында Нина Андреевна отбасылық альбомдағы фотосуреттерімен бөлісті.