Надеждин ауылының бүлдіршіндерін ауылдық кітапханада үйірме сабақтары ұнады. Кітапханашы Т. Ю. Козак балаларды әр түрлі бұйымдармен қызықтырды. Міне, күндердің бірінде ол балаларды шығармашылыққа арналған керемет материалмен - түрлі-түсті құммен сурет салумен таныстырды. Құммен сурет салу тәсілдері балалардың жармалардан жасалған аппликацияларда қолданғанына ұқсас, бірақ нәтиже мүлдем өзгеше болып табылады-айқын контуры мен ұсақ бөлшектері бар жарқын суреттер. Кітапханаға келушілер, ұлдар Қуанышбек Бекасыл және Бусыгин Кирил ұшақ пен машина үлгілерін таңдады. Ал қыздар қуыршақтар салды. Дайын суреттерден көрме безендірілді. Енді келесі сабақты асыға күтеміз! |