Ел өмірінде тарихи естелікке мәңгілік енетін күндер, өз еліне мақтанышпен қарайтын күндер бар. Мұндай күн ҚР Мемлекеттік рәміздер күні болып табылады. Балалардың бойында жоғары патриоттық сезімін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге ықпал ету мақсатында Надеждинка ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Четыре символа на фоне истории» патриоттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің мемлекеттік рәміздерін қалыптастыру және қабылдау тарихын айтып, балаларға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» викторинасына қатысып, шағын саяхат жасауды ұсынды. Іс-шара соңында ең білгір балаларға грамоталар табыстады. |