Главная » 2025 » Май » 15 » «Ең маңызды сөз - отбасы»
15:32
«Ең маңызды сөз - отбасы»

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Отбасы - ең қымбат және құнды қазынамыз. Святославка ауылдық кітапханасының кітапханашысы 2-3 сынып оқушыларына арнап  «Ең маңызды сөз - отбасы» тақырыптық сұхбатын өткізді.

Кітапханашы балаларға ата-ананың адамның өміріндегі маңызды рөлін айтып, жас оқырмандарды мерекенің шығу тарихымен таныстырды. Оқушыларды еліміздің және басқа да халықтардың отбасылық дәстүрлері туралы жазылған кітаптармен таныстырды. Балалар ата-аналарына үйде қалай көмектесетінін айтып берді. Бұл өте маңызды, өйткені отбасы - бұл еңбек ету, бір-бірлеріне сүйеніш бола білулері, жақсы көрулері, қамқорлық көрсетулері. Содан кейін кітапханашы Ольга Федоровна «Бақытты отбасы» атты ойын калейдоскобын өткізіп, балалар зияткерлік жаттығуға қатысты. Оқушылар отбасы тақырыбына байланысты сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді: әр түрлі халықтарда үйді қалай атайтындарын, отбасы туралы мақалдарды аяқтады: «В гостях хорошо, а дома…(лучше)» және «Семья в куче – не страшна и …(туча)». Сондай-ақ олар логика мен мұқияттылыққа, аралас сөздерден сөйлемдер жасауға тырысты. Содан кейін балалар «Отбасыма тілек» деп аталатын түймедақ шалғынын өсірді.

Ойын форматы барлық қатысушылардың белсенді қатысуына, көңілді, достық ортаны қалыптастыруға және отбасылық байланыстардың маңыздылығы туралы түсініктерді нығайтуға ықпал етті.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 40 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3019]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0