31 тамызда Қарабалық аудандық орталық кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған "Конституция – негізгі заң" құқық сабағы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Конституцияның еліміздің даму мақсаттары мен перспективаларын айқындайтын, тұрақтылық пен әлеуметтік прогресті қамтамасыз ететін, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі саяси-құқықтық құжат ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар викторинаға белсенді қатысып, сұрақтарға жақсы жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға жақсы білімі мен белсенділігі үшін грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. |