28 тамызда Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция – основной закон» атты құқық сабағын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Содан кейін кітапханашы қатысушыларды конституциялық заңнаманы дамытудың тарихи кезеңдерімен таныстырды.Қатысушылар конституциялық даму мәселелерін талқылайтын диалог алаңы құрылды. Іс–шараны «Конституция -мемлекеттің негізгі заңы және қолдауы» кітап көрмесі толықтырды, онда Е.Әбілдің «История государства и права», Б.Б. Кәрібаевтың «Қасым хан», «Қазақтың ата заңдары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» сияқты кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Қазақстан Конституциясы әрбір азаматтың өміріне, ең алдымен жас ұрпаққа қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өз халқына ертеңгі күннің тұрақтылығына сенімділік береді. |