Қарабалық ауданының 95 жылдығын тойлау аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Үлкен Отанымның шағын өлкесі» ұрпақтар байланысы кездесуін өткізді. Іс-шараға Қарабалық ауданының ардагерлер кеңесі, 8 сынып оқушылары мен ҚАТК студенттері қатысты. Іс-шараның басында Қарабалық ауданының қалыптасуы туралы үш мектептің тарих пәнінің оқытушылары: Нұрмағазумова Гүлжан Қанзадақызы, Жүсіпов Данияр Марзағалиұлы және Шынуар Ситер шағын баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, кездесудің басты қонақтары біздің кенттің құрметті тұрғындары: соғыс ардагері В.Е. Мандров, Қарабалықтың құрметті азаматы А. А. Харьков, және ауданның дамуына көп үлестерін қосқан Е.И. Ибраев пен В. А. Гардер болды. Олар өз өмірлері, еңбектері туралы бәрі неден басталғанын және сол жылдардағы жастардың бойында қандай рух пен патриотизм болғанын баяндады. Олардың еңбегінің, өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен адалдығының, сарқылмас оптимизмдерінің арқасында біздің Қарабалық ауданы өркендеп, жылдан жылға көркейіп келеді. Кездесуге келген жас ұрпақ ұлағатты аталарының еңбек және жауынгерлік ерліктеріне мақтанып қуанды. Қарабалық ауданымыз көркейіп, өркендей берсін! |