Мамыр айында орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай «Мен өз елімнің ұлымын және өз Отанымның азаматымын» атты портрет кешін өткізді. Іс-шараға №3 М. Сералин ат. ЖББМ оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты оқушыларға Қ.Сәтбаевтың өмірі мен еңбектері туралы айтып, ғалымның жаңа қырларын ашу.
Кітапханашы Н.К.Оспанова іс-шараны Қ.Сәтбаев туралы жетекші сұрақтардан бастады. Содан кейін ғалымның өмірі туралы бейне слайд көрсетілді. Оқушылар Қаныш Сәтбаевтың 8 қырын айтып берді. Іс-шара барысында презентация көрсетіліп, кітапханашы ғалымның өміріндегі қызықты сәттерді айтып берді. Соңында оқушылар іс-шара туралы өз әсерлерімен бөлісті. |