1 қыркүйекте Қарабалық аудандық балалар кітапханасында № 1 орта мектебінің 1-3 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында «Мен - өз Отанымның патриотымын» атты әңгіме-диспут өткізілді. «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деген Н.Ә. Назарбаевтың сөзінен іс-шара басталды. Іс-шара барысында кітапханашы Ата Заңның біздің жоғары деңгейде дамып, өркендеуміздің кепілі екендігі жайында толығырақ айта келіп оқушыларға Ата Заң, Конституция баптары жайында әңгімеледі. Балалар Конституцияға арнаған өлеңдерді оқып беріп, көпшілік ықыласына бөленді. Іс-шара соңында «Өз еліңнің тарихын білесің бе?» сөзжұмбақ-ойыны өткізілді, әр дұрыс жауапқа ту түсіндегі шарикқа ие болды. Балалар Конституция туралы сөзжұмбақ шешті. Іс-шара соңында балалар «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің Ата заңы» атты кітап көрмесінде ұсынылған Конституция, оның құрылу тарихы, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы және кітаптармен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарымен таныстырылды.
|