"Біз өмірді сүйеміз" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында 11 қыркүйек күні аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері аудандық мүгедектер қоғамына барды. Мүмкіндігі шектеулі жандар "Ғажайыптар алаңы" ойынына қатысты. Отан туралы ұғымды қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілік, өз елінің тарихын құрметтеу, патриоттық, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында оларға "Менің Қазақстаным" тақырыбы ұсынылды. Сұрақтарға құмарлықпен жауап беріп, өздерінің дұрыс жауаптарына қуанды. Мерекелік кездесуден ескерткіш ретінде әр қатысушыға шағын сыйлықтар берілді. Іс-шара презентациямен сүйемелденіп, шай ішумен аяқталды. Мүгедектер қоғамы орталық кітапхана қызметкерлеріне көңілдері мен ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді. |