
Михайлов ауылдық кітапханасында 5 сынып оқушыларына арналған Мыржақып Дулатовтың 140-жылдығына арналған іс-шара өтті.
«Мыржакып Дулатов – поэт разбудивший народ» ақпараттық сағаты барысында кітапханашы ақын мен жазушының өмірбаяны, саяси және әдеби қызметі туралы айтып берді.
Іс-шара аясында оның өміріне шолу жасалып, қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі көрсетілді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар М. Дулатовтың шығармаларымен толығырақ танысып, оның революция жылдарындағы ұлттық-азаттық қозғалысы туралы білді.
Дулатов Мыржақып - ақын, жазушы, публицист, аудармашы, ағартушы-педагог, Бөкейхановтармен Байтұрсыновпен бірге ХХ ғасырдағы қазақтардың ұлттық сана-сезімінің жаңғыруы кезеңін белгілеген үштікке енді. |