20 наурыз күні Боскөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандармен қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған "Наурыз көктем мен жаңару" әдеби дастарханын өткізді. Г. А. Калабаева мерекенің тарихы, оны өткізудің салт-дәстүрлері туралы айтып берді. "Наурыз жарқын мереке" атты кітап көрмесінде Қазақстан, қазақтардың салт-дәстүрлері, дәстүрлі тағамдар, ойындар туралы әдебиеттер ұсынылды.
Іс-шараға қатысушылар бауырсақпен ыстық шай ішіп, дастарқан басында әңгімелесті. |