2024 жылдың 1 ақпанынан бастап өңірде «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауы басталды, онда облыс тұрғындары жасына шектеусіз оқу дағдыларын көрсете алды, сондай-ақ бас жүлде 150 мың теңге және санаторийге жолдама алу үшін сайысқа түсті. Байқау 4 кезеңде мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.Конкурсқа 10 жастан 14 жасқа дейін, 15 жастан 18 жасқа дейін және 19 жастан жоғары жас аралықтарында үш санаттақатысты.Қорытынды, төртінші кезең 18 мамырда өтті, онда алдыңғы үш кезеңде ең көп ұпай жинаған қатысушылар «Үш кітап – әлемді танудың үш жолы» тақырыбында эссе жазды. 4 кезеңнің қорытындысы бойынша Қарабалық ауданынан үш қатысушы шықты. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі IQOSTANAY оқушылар сарайында өтті.
15-тен 18 жасқа дейінгі жас санатындағы III дәрежелі дипломмен Тоғызақ ЖББМ мекткбінің оқушысы Качко Леда марапатталып, 50 мың теңгелік сертификат иегері атанды. Сонымен қатар 15-тен 18 жасқа дейінгі жас санатындағы II дәрежелі дипломмен Смирнов ЖББМ мектебінің оқушысы Панчук Кристина марапатталып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. М.Горький атындағы ЖББМ математика пәнінің мұғалімі Ерсалиева Әйгерім 19 және одан жоғары жас санатында Қарабаев атындағы санаторийге жолдама және де екі тілде қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Жеңімпаздардың қуанышын бөлісуге ата-аналары барып, марапаттау кезінде шынайы қуаныш сезіліп, олар үшін нағыз мереке болды.
Оқу керемет!Өйткені, кітап адамға өмір бойы білім береді. |