18 наурыз -"Құрмет күні" күні. Бұл күні ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, олар "Наурыз бата" берді. Бұл күні Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашысы 9-11 сынып оқушыларының ауылдың құрметті ардагерлерімен кездесуін өткізді. Балалар өздерінің адал еңбектері, зор өмірлік тәжірибесі, даналықтары үшін қарттарға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Дастархан басында жастар мен ардагерлер Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімелесті. Үлкендер балаларға ақылдарын айтты, өйткені жақын арада олардың көпшілігі мектепті бітіреді. Қонақтарға "Дәстүрлі Наурыз" викторинасының сұрақтары қойылды, онда қонақтар тапқырлық пен зеректіктерін танытты. Іс-шараның белсенді қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мереке ауылдың ең үлкен ақсақалдарының бірінің батасымен аяқталды. |