Қазақ драма театрының іргетасын қаласқандардың бірі, Қарабалық ауданының тумасы Қапан Бадыров биыл 120 жаста. Осы атаулы күн қарсаңында «Қазақ өнерінің маршалы» атты тақырыпта іс-шара болып өтті. Жиын барысында жерлесіміздің өнер жолы, сахнада сомдалған рөлдері, сонымен қатар қазақ өнеріндегі ойып алар орны жөнінде әңгіме қозғалды. Ол М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында 200-ден аса рольде ойнаған.
Жерлесіміз, өлкетанушы Максименко Владимир Ивановичтың «Имена из глубины времен» атты кітабымен танысып, сол кітаптағы Қапан Бадыров жайындағы естеліктерді оқыды. Балалар кітапханасындағы әртіске арналып жасалған «Капан Бадыров. Его судьба – театр» тақырыптық папка жинағымен балаларды таныстырып, қызықты ақпараттармен бөлістім. |