26 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қабырғасында Облыстық "Сөз құдіреті" мәнерлеп оқу байқауының финалын өткізді.
10 жылдан бері он екі-он үш жастағы балалар қазақстандық және шетелдік жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінділер оқуда жарысып келеді.
Байқау "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасы аясында өтіп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған.
Қарабалық ауданынан аудандық турдың жеңімпазы Константин Мукомолов қатысты. Костя ирландиялық жазушы Джон Бойнның «Жолақты пижамадағы бала» романынан үзінді оқыды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
"Мұра" - Орынтай Айзере, Қостанай ауданы;
"Әртістік үшін" - Квинт Жасмин, Денисов ауданы;
"Шығарманы таңдаудың өзіндік ерекшелігі үшін" – Ажғалиева Нұрай, Қостанай қ.;
"Жарқын сахналық образ" - Константин Мукомолов, Қарабалық ауданы;
"Шығармашылық эссе" - Зубаль Даниил, Қостанай қ.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын-Адай Бекарыс, Науырзым ауданы;
2 орын-Алдамуратов Азат, Лисаков қ.;
3 орын-Әбжан Нурикамал, Арқалық қ.
Байқаудың демеушісі "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасы болды, ал "Жұлдыз" вокалдық студиясының тәрбиеленушілері сыйға тартқан шығармашылық нөмірлері байқауға қатысушылары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады. |