Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқықтық білім үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. "Парасат жолы" бағдарламасы аясында Наука ауылдық кітапханасында "Сыбайлас жемқорлық зұлымдықты тудырушы" зияткерлік ойыны өткізілді. Кітапханашы ойынға қатысушыларды сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратпен таныстырды. Бай демонстрациялық материал ұсынды. Ойын 4 тақырыпты қамтитын екі раундтан тұрды: "Сыбайлас жемқорлық тарихы", "Халық даналығы туралы", "Терминдер", "Аударыспақ". Әр команда тақырыпты атады және ұпай санын жинады. Нәтижесінде командалардың бірі 250 ұпай жинаса, екіншісі 75 ұпай жинады. Соңында кітапханашы сыбайлас жемқорлық туралы әзіл-оспақты карикатура суретін салуды ұсынды. |