16 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Теңге - ұлттық валюта» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараны ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Р.Ж. және «Колосок» балабақшасының әдіскері Штумпф И.А. өткізді. Іс-шараға балабақшаның жоғары топ балалары қатысты. Балалар жақсы тыңдап, кейін практикалық жұмыс жасады. Берілген тиынді суретке салып, сол тиын туралы әңгіме жүргізу керек болды. Әр бала өз отбасында ақша болып, туғандарына қалағандарын сатып алу туралы әңгіме жүргізді. Іс-шараға 15 адам қатысты. Іс-шара мақсаты: қазақстандық патриотизмді, ұлттық нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу. |