Қазақстан халқының Тілдер күні - 5 қыркүйекте, қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтіледі. Бұл күні ауылдық кітапханаларда түрлі іс-шаралар өткізілді. Надеждин ауылдық кітапханасында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлын еске алуға арналған бейнеролик тамашалады. Кітапханашы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы әңгімеледі. "Тақия" ойынын ойнады. Кітап көрмесі ұйымдастырылды. Белоглин ауылдық кітапханасының кітапханашысы 9 сынып оқушыларымен Ұлы ақын Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы "Ұлттың әмбебап ұстазы" атты кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ барысында Ахмет Байтұрсынұлының "Маса" шығармасынан үзінді оқылып, оқушылармен талқыланды. Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Қазақ зиялыларының көсемі" атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел А.Байтурсынұлының өмірі мен тарихы бойынша халықтың білімін тереңдетуге және кеңейтуге ықпал етті. Дөңгелек үстел барысында ақынның өлеңдері оқылып, рөлдері бойынша "Қасқыр мен қозы" атты мысал оқылды. Іс-шара мемлекеттік тілде өткізілді.
Тіл–халықтың әл-ауқаты, ол ұлттардың бірігуіне және ұйымшылдығына ықпал етеді. Тіл –адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тәрбие мен қолдау құралы. Тілдер күні – Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстық және бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық –мемлекет құрылысының басты тірегі. |