
Мамыр айында Научное ауылының кітапханашысы Белоглин округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Ш.Зулгаринамен және Новостройка жалпы білім беретін мектебінің белсенділерімен бірлесіп «Вместе ради дела» атты волонтерлік акция өтті.
Іс-шараның басты мақсаты Ұлы Отан соғысы ардагерлері жерленген орынды абаттандыру болды. Жұмыстар ардагерлер кеңесімен және ауылдық кітапханамен тығыз байланыста жүргізілді. Еріктілер құлшыныспен және құрметпен қараусыз қалған бейіттерді ретке келтірді: қоқыстарды шығарып, айналаны тазартып, абаттандырды, қоршаулар мен ескерткіштерді сырлады.
Бұл акция тек игі іс қана емес, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызды тағылымы болды. Мұндай іс-шараға қатысу балалардың өз елінің тарихының маңыздылығын түсінуге көмектесіп, Отанын қорғағандарды құрметтеуге үйретеді. Акция қамқорлықтың, бірліктің, өткенге деген құрметтің нағыз үлгісіне айналды деуге болады. |