
Соғыс қаһармандарына арналған ескерткіштер – Отанымыздың қасиетті мұрасы. Оларды дұрыс жағдайда ұстау – бүкіл қоғамның маңызды міндеті. Біздің еріктілік жұмысымыз ізгілікке деген шынайы үлес.
Святославка ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіштің айналасын абаттандыруға арналған патриоттық акция аясында еріктілер кітапханашы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және мәдени ұйымдастырушымен бірлесіп, аумақты тазартты. Естелік орны көркейіп, алаң тазаланды.
Іс-шара барысында қатысушылар тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын және құрмет пен өзара түсіністікке негізделген бейбіт болашақтың құндылығы екендігін білді. |