2016 жылғы 1 қазанда қарттар күніне арналған Боскөл АМҮ ауыл ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шара клуб, мектеп және кітапхана қызметкерлерімен ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуді құттықтау сөзімен ауылдық округінің әкімі Тюлюбаев С.Т. ашты. Ауыл мәдениетінің дамуына өмірлерінің бір бөлігін арнаған Автаева В.И. мен Ленатарвичус Т.Г. зейнеткерлерге сөз берілді.
Оқылған өлеңдер, орындалған әндер, билер, әзіл-сықақ көріністері зейнеткерлерді қатты қуантты. Іс-шара соңында әкімшіліктің қызметкерлері шақырылған зейнеткерлер үшін дастархан ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты: Қарт кісілерге құрмет көрсету. |