Қарабалық аудандық кітапханасында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жазира дала мен алтын күн өлкесі» атты әдеби қонақжайға Қарабалық кентінің ақындары Тамара Мируть, Сания Кабулова, Алишер Қуанышбек, Инна Убей – Волк шақырылды. Жүргізушілер қатысушыларды ақындардың өмірбаяндарымен таныстырды, әрі қарай олардың шығармашылығына тоқталды. Ақындар кеште Отан, туған жер туралы өз өлеңдерін оқып жырдан шашу шашты, күмбірлеген күй тартты. Біздің көптеген оқырмандарымыз поэзиялық шығармаларды оқығанды ұнатады. Поэзия құаныш пен шабыт сыйлайды. Сонымен қатар, біздің әдеби қонақжайымызда ақын-жерлес Сергей Прачевтың шығармаларымен таныстық. Ақынның өлеңдерін қарындасы Чумакова Алла Васильевна тамаша оқыды.
Кездесу ойдағыдай жақсы өтті. Болашақта осындай кездесулер әрі қарай жалғасын табады деп сенімдеміз. Алғыс сөзімен орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мендибаева Балқия Құнанбаевна қатысушыларға сөз сөйлейді және естелік сыйлықтар тапсырды. |