14 желтоқсан күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғаларын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.Сол уақытта Қазақ жастары КОКП ОК саяси бюросының шешіміне қарсы шықты, себебі, 16 жыл елімізді басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып Геннадий Колбин тағайындалды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.О.Орынбасаров, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Т.Тюлюбаев, сондай-ақ, депутаттар, қоғамдастықтар өкілдері, жастар, тарих пәнінің мұғалімдері, еңбек ардагерлері қатысты. М.Горький ат. мектептің тарих пәні мұғалімі Гульжан Нурмагазумова, А.Құнанбаев ат. мектептің тарих пәні мұғалімі Сергей Гардер, Мұхамеджан Сералин ат. мектептің тарих пәні мұғалімі сөз сөйледі. Ұстаздар тек қана желтоқсан оқиғаларын еске алып қоймай, Қазақстан тарихына да қысқаша саяхат жасады. Демемс Мәдина өз шығармашылығынан өлең оқыды. Іс-шара соңында дөңгелек үстел қатысушылары өз пікірлерін білдірді. |