Қарабалық ауданының қасиетті жері

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИННІҢ жерленген жері

Өрнек ауылынан 10 шақырым жерде

Қарабалық ауданының Өрнек ауылдық округінде Өрнек ауылынан 10        шақырым жерде   тұңғыш   қазақ   журналисі,   «Айқап»   журналының редакторы, жазушы Мұхамеджан Сералиннің бейіті орналасқан. Бейітке Сералиннің мүсіні бейнеленген мемориалдық тақтасы бар ескерткіш орнатылған және онда «Мұхамеджан Сералы ұлы 1872 - 1929. Ақын, қазақтың бірінші журналисі, көрнекті қоғам қайраткері» деген жазу бар. Ғауез Нұрмұхамбетов, бұрынғы Қарабалық  ауданының әкімі өз қаржысына суреті бейнеленген граниттен тас орнаттып, үлкен азаматтық жасаған. Монумент 2005 жылы орнатылған.

Көрнекті жазушы, журналист, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералин 1872 жылы, қазіргі Қарабалық ауд. Өрнек ауылында туып, 1929 жылы осында қайтыс болды.

Мұхамеджан 8   жасында  Тройцкідегі   медресеге  оқуға тҥсіп, 1891 жылы Қостанайдағы екі сыныптық орыс-татар мектебін бітірді.

1911 жылы Троицк қаласында «Айқап» журналын шығарды. Оның «Топжарған», «Гҥлкәшима» поэмалары да, басқа да әңгіме, өлеңдері, «Айқапта», басқа да баспасөз беттерінде жарияланды. Ол өзінің мақалаларында Ы. Алтынсаринның идеяларын қолдаған.  1919  жылы  Орынборда  «Ұшқын»  газетінің  редакциясында жұмыс істеп, одан соң басқа да көптеген журнал-газеттерде жұмыс істеді.

М. Сералин туралы мағлұматтарды «2007 және 2012 жылдарға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегілерінен» қараңыз.

"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0